Корпоративтік құқық және бизнесті сүйемелдеу
Компанияларды тұрақты негізде және жеке жобалар бойынша сүйемелдейміз: корпоративтік құрылым, басқару, шарттық жұмыс, комплаенс, ішкі саясаттар. Қазақстан нарығына шығатын және жұмыс істеп тұрған компанияларға қолайлы.
Не кіреді
- Топты құрылымдау
- Корпоративтік басқару және жарғы
- Шарттық жұмыс
- Комплаенс және тексерулер
- Абоненттік заңгерлік қызмет
Біз нені қамтимыз
- Шарттық жұмыс: контрагенттермен шарттар жасау және түзету, келіспеушілік хаттамалары, сіздің процестеріңізге арналған үлгі нысандар — орыс және ағылшын тілдерінде
- Корпоративтік өзгерістер: директор мен қатысушыларды ауыстыру, жарғыға өзгертулер енгізу, жарғылық капиталды ұлғайту
- Шетелдік элементі бар кадр мәселелері: шетелдік қызметкерлер үшін еңбек шарттары, рұқсат беру құжаттары, C3/C5 визалары және уақытша тұруға рұқсатпен байланыстыру
- Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл: сұраулар, хабарламалар, талаптарға жауаптар
- Талап-арыз жұмысы: сотқа дейінгі талаптар, контрагенттермен келіссөздер
Сүйемелдеу қалай жүзеге асады
Сіздің компанияңызға жауапты заңгер тағайындалады — ол бизнесіңізді және мәселелердің тарихын біледі, сол себепті әр жолы контекстті қайта түсіндірудің қажеті жоқ. Тапсырмаларды өзіңізге ыңғайлы арна арқылы қоясыз: WhatsApp, Telegram, электрондық пошта. Жұмыс уақытында жауап береміз — дс–жм, Астана уақыты бойынша 9:00–18:30; шұғыл мәселелер бойынша бөлек келісеміз.
Ай сайын есеп аласыз: не істелді және оның құны қанша болды. Әрбір мәселе бойынша барлық құжаттар мен хат-хабар біздің жүйемізде сақталады — сіздің тарапыңызда қызметкерлер ауысса да, ештеңе жоғалмайды.
Бұл формат кімге сай
- Қазақстанда ЖШС немесе филиалы бар шетелдік компаниялар: сіздің тіліңізде сөйлесеміз және жергілікті ерекшеліктерді түсінікті қадамдарға айналдырамыз
- Штаттық заңгер жалдауға әлі ертерек, бірақ шарттардағы қателіктердің құны қымбат болатын өсіп келе жатқан бизнес
- Шетелдік қызметкерлері бар компаниялар: көші-қон және кадр құжаттары бір қолда
Сүйемелдеу құнын тапсырмалардың көлеміне қарай жеке есептейміз: біреуде бұл айына үш шарт, ал біреуде — толыққанды сыртқы заң бөлімі. Форматы мен смета қажеттіліктерді талдағаннан кейін ұсынамыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жазылым бір реттік өтінімдерден несімен артық?
Бизнесіңізді бұрыннан білетін заңгер жылдамырак жауап береді және мәселелерді олар ақшаға түскенге дейін болдырмайды. Бір реттік тапсырмаларды да қабылдаймыз — бірден бастап, біздің қалай жұмыс істейтінімізді көруге болады.
Ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейсіздер ме?
Иә. Шарттар, хат-хабар және кеңестер — орыс, ағылшын, қазақ және қытай тілдерінде. Екі тілдегі шарттарды бірден екі бағанда дайындаймыз.
Сүйемелдеу құны қалай есептеледі?
Тапсырмалардың көлемі мен түріне байланысты. Бизнесіңіз қандай және қандай мәселелер туындайтынын сипаттаңыз — коммерциялық ұсыныста форматы мен жеке сметаны ұсынамыз.